Міржақып Дулатұлы атындағы №63 орта мектепте "Қауіпсіз қоғам: заң мен тәртіптің заманауи тетіктері" тақырыбында интерактивті диалог алаңы өтті. Тағылымды кездесуге "Жас сақшылар" кадет сыныбының оқушылары қатысып, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы талқыланды.