Отбасы күніне орай Триатлон саябағында Дуатлон сайысы өтті. Қалалық білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара спорт пен салауатты өмір салтын серік еткен жанұяларды бір алаңға тоғыстырды. Шараға шаһардың 50 шаңырағы қатысып, өзара бақ сынады.