Соңғы жылдары елде мемлекет тарапынан ғылыми салаға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Бұл жайында былтыр мемлекет басшысы халыққа кезекті жолдауында мәлімдеді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев: "Біздің алдымызда тағы бір маңызды міндет тұр. Ол - жас ғалымдардың өздерін ғылымға арнауы үшін қолайлы жағдайлар жасау" деген болатын. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлік жоғары оқу орындарында, ғылым жолына түскен жас ғалымдармен олардың ғылыми жобаларын қолдауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ғылыми жобаларды коммерцияландыру жүйелі жолға қойылған.