21 мамыр — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні. Кәсіби мереке қарсаңында арнамыздың түсірілім тобы Мәртөк ауданындағы «Айбын» әуе айлағына барып, инженер-әскери қызметкерлердің жұмысымен танысты. Әскери сала мамандары аталған қызметтің маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталды.