WorldSkills Aqtobe – 2026 кәсіби шеберлік чемпионатының 11-ші маусымы ашылды. Биыл додаға облыстың 34 колледжінен студенттер қатысып, олар 70 құзыреттілік бойынша бақ сынамақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жолы чемпионат жаңа формат пен жаңартылған ережелер негізінде өтуде. Бұл өзгерістер қатысушылардың жарысқа жан-жақты әрі сапалы дайындалуына мүмкіндік берген. Жоба жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдап, техникалық және кәсіптік білім беру саласында тәжірибе алмасуына жол ашады.