Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Марат Әйтімовке арналған ІІІ республикалық "Дауыс" байқауы өтті. Көпшілікке әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ұстазы ретінде де кеңінен танылған өнер майталманының есімін ұлықтаған дода биыл да жас таланттардың басын қосты.