Өңір басшысы азаматтарды қабылдады. Аймақ тұрғындары тұрғын үй, жер учаскесін беру, әлеуметтік қолдау көрсету және коммуналдық мәселелерді шешуге қатысты сұрақтарымен жүгінді. Айталық, қала аумағындағы Кірпішті тұрғын алабында автобус қатынасына қатысты мәселе әлі де оң шешімін таппай келеді. Целинная көшесін жарықтандыру да назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек, маусымдық сауда үшін жер учаскелерін бөлу ұсыныстары айтылды. Қабылдау барысында мемлекеттік органдар мен басқарма басшылары әрбір өтініш бойынша түсініктеме беріп, оларды шешудің ықтимал жолдарын түсіндірді. Кездесуді қорытындылаған Асхат Шахаров тиісті ведомстволарға барлық өтінішті қолданыстағы заңнама аясында қарастырып, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.