Оқушылар арасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша ұйымдастырылған оқу-далалық тәжірибелік сабақтар өз мәресіне жетті. Оқушылар саптық дайындық, тактикалық әрекеттер, алғашқы медициналық көмек көрсету, әскери жарғыларды меңгеру бағыттары бойынша білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Жабылу салтанатында қатысушылар арнайы әзірленген қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетіп, әскери машықтарын көпшілік назарына ұсынды. Ал, оқу-жаттығу жиынында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар, әскери жетекшілер мен ұйымдастырушылар марапатталды.