"Заң және тәртіп" жобасы аясында өңірде түнгі рейд ұйымдастырылды. Қоғам тыныштығын күзетуге бұл жолы полиция қызметкерлерімен бірге жүзге жуық қоғамдық көмекші жұмылдырылды. Ел тыныштығына бейжай қарамайтын ерікті, белсенді жастар түнгі қала көшелерін аралап, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына атсалысты.