2026 жыл- халықаралық волонтерлар жылы. Сонымен қатар елімізде Президент пәрменімен цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осыған орай өңірде «Цифрлық еріктілер» жобасы бастау алды. Негізгі мақсат – тұрғындарға, әсіресе аға буын өкілдеріне заманауи цифрлық сервистерді меңгеруге көмектесу. Оның аясында волонтерлар халыққа мобильді қосымшалар мен мемлекеттік онлайн платформаларды пайдалануды үйретеді.