Бірліктің бастауы - Конституция! Осындай атаумен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада танымдық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа Конституцияның қоғамдағы маңызын насихаттау, азаматтық құндылықтарды дәріптеу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Шара барысында оқырмандар назарына кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармашыл жастар қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.