Астана ауданындағы халықтық кеңседе “Қызмет алушылар күні” өтіп жатыр. Бұл тұрғындардың түрлі сауалдарына жылдам жауап алуына жасалған мүмкіндік. Әсіресе кәсіпкерлік бағытта жылдам бағыт-бағдар алуға болады. Айта кетейік, биылғы жылдың бірінші тоқсанында аймақта 3 миллионнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 96 пайызы электронды түрде.