Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды. Алдымен Қандыағаш қаласына барып «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған, 600 орынға шақталған мектеп пен писхологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жұмысымен танысты. Кейін
қаладағы өндіріс орындарын аралады. Жолай Жем өзені арқылы өтетін көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына соғып, ондағы құрылыс барысын өз көзімен көрді.