Солтүстік айналма жол бойында орналасқан "Ислам" бұлағында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғаттың мөлдір тынысын сақтауды мақсат еткен шара барысында бұлақ маңы тазартылып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.