27 мамыр елімізде құрбан айт мейрамы тойланады. Сағат таңғы 6;30-да мешіттерде айт намазы оқылады. Дін мамандары бұл күні қашықтан құрбан шалу мүмкіндігі барын да еске салды. Сойылған мал мұқтаж отбасыларға таратылады. Сонымен қатар, мейрам күндері аймақта қайырымдылық және спорттық шаралар өтеді.