ЖИТС орталығы тұрғындарға тегін тексеру жүргізуде. Талдау тапсыру үшін тек жеке куәлік қажет. Тексеруден өз еркімен немесе дәрігер жолдамасымен өтуге болады. Зертхана халықаралық ISO стандарты бойынша аккредиттелген. Мұнда инфекцияны анықтаудың заманауи әдістері қолданылады. Нәтиже әдетте бір күн ішінде дайын болса, шұғыл жағдайда бір сағатта алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ орталықта есепте тұрған емделушілерге кешенді тексерулер жүргізіліп, денсаулықтарын бақылауға жағдай жасалған.