Биыл жарты ғасырдан астам тарихы бар Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының құрылғанына - 55 жыл толып отыр. Содан бері мұндағы мамандар аймақ балаларының денінің саулығына зор үлес қосып келеді. Айтулы мерейтойға орай бүгін ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, онда ақ халаттыларға ауруханың осынау жылдар аралығындағы жеткен жетістігі мен қызметі дәріптелді.