Журналистикадағы кәсіби жауапкершілік пен медиаэтика мәселелері Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған семинар-тренингте талқыланды. Семинар спикері- журналист, «Ақтөбе» облыстық газеті бас редакторының бірінші орынбасары Жанагүл Жүрсін тілші этикасы, қоғам алдындағы жауапкершілік және ақпарат таратудағы кәсіби ұстанымдар туралы айтты. Кездесу барысында факт пен пікірдің айырмашылығы, ақпараттық манипуляция, clickbait тақырыптар, әлеуметтік желідегі журналист әдебі және эмоцияға беріліп жазудың қаупі туралы сөз болды. Сонымен қатар, балаларға қатысты материалдар мен зорлық-зомбылық тақырыптарын жариялаудағы жауапкершілік мәселелері көтерілді. Шара соңында қатысушылар халықаралық журналистік стандарттар мен жалған ақпаратпен күрес жолдары жөнінде пікір алмасты.