Президент тапсырмасы бойынша 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы бастама аясында қалада "Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы" атты төртінші Халықаралық форум өтті. Қатысушылар цифрлық қауіпсіздікті, технологияның жастарға әсерін және психологиялық әл-ауқат мәселелерін талқылады. Форумға халықаралық сарапшылар, айти-мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, педагогтар мен психологтар қатысты. Қонақтар үшін цифрлық тәуекелдер, кибербуллинг және студенттерді қолдау бойынша тақырыптық секциялар ұйымдастырылды.