Аймақта ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша 100-ге жуық жуық жоба қолдау тауып, қазіргі таңда бұл кәсіпкерлер өз кәсібін дөңгелетіп үлгерген. Әсіресе, ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлінуде. Аталған бағдарламаның игілігін Қарғалы ауданының тұрғындары мен ондағы көп балалы аналар көріп отыр.