Көпқабатты үйлердің басты мәселелерінің бірі - жеделсаты. Бүгінде көп үйлердің жеделсатысы тозған не мүлде істен шыққан. Ал бұл қарияларға, жүкті әйелдерге, мүгедектігі бар жандарға қиындық тудырады. Мәселені шешу үшін 2029 жылға дейінгі жоба әзірленген болатын. Бағдарлама аясында Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 290-шы үйдің тұрғындары жаңа жеделсаты орнатуға қол жеткізді.