Қобда ауданы Бесқұдық ауылындағы орта мектепте қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция лейтенанты Амангелді Қосжановтың есімімен «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды. Енді онда қабылданған кадеттер «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заң негіздерін зерделеп, азаматтардың құқықтарын қорғау дағдыларын меңгермек.