"Заң және тәртіп"қағидаты аясында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара оқу-әдістемелік орталық базасында ұйымдастырылды. Бұл жолы студенттер арасындағы тәрбие жұмысы мен құқық бұзушылықтың алдын алу және кураторлық қызметтің рөлін нығайту мәселелері сөз болды. Семинар бағдарламасында шеберлік сыныптары, тренингтер және практикалық сабақтар өтті. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастармен жұмыс істеудің тиімді әдістері туралы айтты.