Достық - уақыт сынағынан өткен бақыт. Айлар ағып, жылдар жылжып жатса да бір-біріне деген құрметтен айнымау, сағыну, іздеу "достық" сөзінің анықтамасы секілді. Оның айғағы Шалқар ауданы Қорғантұз ауылының түлектері. Бүгін мектеп бітіргеніне 60 жыл болған ел ағалары бас қосып, қуанып қауышты.