Биыл қалада жол құрылысы бағытында 170 шақырымды құрайтын 28 жоба жүзеге аспақ. Қала әкімдігінің мәліметінше, бірінші кезекте кіреберіс жолдар мен көпірлер де жөнделуі тиіс. Одан бөлек былтырдан қалған жөнделуі тиіс жол нысандары ауыспалы ауыспалы жоспармен осы жылы қолға алынуда. Құрылыс маусымы басталғалы мамандар облыс орталығында салынған жолдарға 50 рет тексеріске шыққан. Сондай-ақ ,асфальтбетон зауыттарында шығарылатын қоспалардың сапасы да бақылауда. Анықталған кемшіліктерді мердігер мекеме кепілдік келісіміне сәйкес жоюы тиіс. Қазір жол құрылысы жұмыстары қаланың бірқатар көшесі мен Ақжар-2 тұрғын алабында жүргізілуде.