34 аптаға созылған кезекті оқу жылы аяқталды. Бүгін өңірдегі 434 білім ошағында "Соңғы қоңырау" соғылды. Облыс бойынша 189 436 бала оқу жылын тәмамдаса, оның 11 мыңнан астамы алтын ұяларымен қоштасты. "Келешек" ұлттық жобасы аясында бой көтерген №82 мектеп биыл тұңғыш түлек ұшырды. 11-сыныпты бірген 90 оқушының төртеуі "Алтын белгіге", 12 түлек үздік аттестатқа үміткер. Салтанатты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысып, жаңа өмірге қадам басқалы отырған жас түлектерге сәт-сапар тіледі, ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.