Демалыс күндері триатлон саябағында тағы бір шара өтті. Ол - " Кел,шырқайық" караоке байқауы. Ерекшелігі сол шараға кәсіби әншілер емес, қарапайым тұрғындар қатысты. Олар екі әннен орындап, жеңімпаз 100 мың теңге сыйақыға ие болды. Қатысушылар арасында зейнеткерлер де , жастар да бар. Шараға қалалық мәдениет үйі мұрындық болды.