Күнделікті өмірдегі көрнекі ақпарат заң талаптарына сай болуы керек. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен дәл осы тақырып төңірегінде кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Жиында тиісті нормалар мен ережелер талқыланып, түсіндірілді.