Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген сарбаздар туған жеріне аттанады. Бүгін Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін аяқтаған қатардағы жауынгерлерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен басталып, әскери бөлім басшылығы сарбаздарға Отан алдындағы адал қызметтері үшін алғыс білдірді. Әскери тәртіп пен жауынгерлік дайындықта жоғары нәтиже көрсеткендер алғыс хаттармен марапатталды. Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен жас жауынгерлерге де құрмет көрсетіліп, олардың әскери қызметтегі жетістіктері ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, ұл тәрбиелеп, ел қорғанын өсірген аналарға «Отан қорғаушының анасы» төсбелгісі табысталды.Жиынға әскери бөлімнің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен қоғам белсенділері қатысты.