«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы ашылды. Биылдан бастап алғаш рет жастар маусымдық емес, қысы-жазы еңбекке араласады. Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына 16 мен 35 жас аралығындағы жастар тартылмақ. Бұл жолғы ашылу салтанатына облыс әкімі қатысып, жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтады.