Өңірде "Ақтөбе - тарының астанасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды жиын даңқты диқан, аты аңызға айналған тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің рухына тағзым етуден басталды. Ал, конференция кезінде тары дақылының тарихи, ғылыми және экономикалық маңызын кеңінен насихатталды.