Елімізде мемлекеттік қызметке қабылдау ережесіне бірқатар өзгеріс енді. Жаңа жүйе іріктеу процесін толықтай цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Конкурс «е-Qyzmet» жүйесі арқылы өткізіліп, мерзімі 5–7 жұмыс күніне дейін қысқарды.