Байғанин ауданында цемент зауытының құрылысын бастауға арналған салтанатты рәсім өтті. Жаңа жоба іске қосылса жылына 1,3 млн тонна өнім шығаратын қуаттылыққа ие. Осылайша аймақтағы ең ірі индустриялық нысандардың біріне айналып, еліміздің құрылыс саласының дамуына қосымша серпін бермек.