Сүйікті шаһарымыз Ақтөбеге - 157 жыл. Қала күніне орай «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы маңында өткен мерекелік концертке облыс орталығының мыңдаған тұрғыны мен қонағы жиналды. Тіпті нөсер жауын да мерекелік көңіл-күйге кедергі бола алмады. Қолшатырларын аша салып, жұрт алаңнан тарқамай, концерттік бағдарламаны тамашалауды жалғастырды.