Қазақстанда кейінгі жылдары балалардың құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне мемлекеттік деңгейде айрықша көңіл бөлінуде. 2025–2026 жылдары елімізде заңнаманы жетілдіру, отбасы институтын нығайту және баланы қолдау жүйесін дамыту бағытындағы кешенді реформалар жалғасты. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында сала маманы бала құқығы заңы жайлы айтып берді.