"Таза су айдындары" республикалық акциясы жалғасуда. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары бастаған табиғат жанашылары өткен аптада Ақтөбе су қоймасы мен Елек өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазаласа, бұл жолы Сазды су қоймасының маңын ретке келтірді.