Облыстық Жасанды интеллект оқытушылар клубы жылдық жұмысын саралады. "ЖИ - менің цифрлық ассистентім" атауымен ұйымдастырылған шарада ұстаздар бір жыл бойы атқарылған жұмысты қорытындылап, білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ортаға салды.