26 мамырдан бастап өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында "Демалыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шара барысында 23 ата-ана бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген 3 мекеме иесіне әкімшілік шара қолданылып, ескерту берілген. Жалпы, ескертуді елемегендерге қолданылар жаза да қатаң. Айталық, жыл басынан бері нақ осындай себеппен қайталанған құқықбұзушылықтар үшін 15 ойын-сауық мекемесінің қызметі 1 айдан 3 айға дейін уақытша тоқтатылған.