«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында жасөспірім қыздарды қолдауға арналған іс-шара өтті.

Онда оқушы қыздардың тұлғалық дамуына ықпал ету жолдары, отбасы мен мектеп арасындағы тиімді серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды. Орталықтың психолог мамандары қыз балаларға психологиялық кеңес беру шараларын әлі де күшейту керегін алға тартты. Жиынға қатысқан ата-аналар мен қала мектептерінің сынып жетекшілері мұндай оң бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.