Қысылтаяң шақта құрақ ұшатын, ел үшін есепсіз еңбек ететін - еріктілер. Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Орнықты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Өңірде жалынды жастардың басын қосып, орта қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Айталық, бүгін "Volunteer school" жобасы басталды.