Өңірде ерекше білім алуды қажет ететін 10 мыңға тарта бала бар. Бұл балғындардың әрқайсысы – қоғамның маңызды мүшесі, олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы басты назарда. Осы мақсатта №19 мектепте облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ерекше балаларға білім мен тәрбие беріп отырған педагог-ассистентерге арналған семинар өтті. Шара аясында жеткіншектердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді жолдары кеңінен талқыланды.