"Заң және тәртіп" қағидаты аясында жүргізіліп жатқан шаралар оң нәтиже беруде. Бұған дейін жиі құқықбұзушылық тіркелетін оқу орындары қазір белсенді жастарымен көш ілгері келеді. Ай сайын жүргізілетін рейдтік шаралар да түнгі мезгілде көше кезетін жастардың санын азайтып, заңбұзушылықтардың алдын алуда. Жалпы, құқықтық мәдениетті қалыптастыратын жоба аясында оқу орындарында да білім алушылармен жүздесулер жиі өткізіледі