Кездесуден кейін ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қаладағы жүн өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын италиялық технологияларды пайдаланып, табиғи қой жүнінен жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар өндіріп келеді. Кәсіпорын іске қосылғалы жергілікті шаруалар үшін қой жүнін өткізетін тұрақты нарық қалыптастырған. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттырып, өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға жаңа серпін беріп келеді. Сонымен қатар, жобаның экологиялық артықшылығы зор: бұрын пайдаға аспай келген қылшықты жүн өңделіп, қайта пайдаланылатын табиғи әрі зиянсыз өнімдерге айналды. Министр аталмыш зауыттың жұмысына жоғары баға берді.