Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин аймаққа жұмыс сапары аясында өңір аграршыларымен кездесті. Облыс әкімдігінде өткен жиында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті мәселе талқыланды.
Серік Жұманғарин Ақтөбе облысы 25,3 млн гектар жайылымдық жерімен еліміздегі ең ірі өңір екенін атап өтті. Ал аймақ басшысы
Асхат Шахаров облыстағы ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып қала беретінін баса айтты.