«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» бағыты аясында онкүндік басталды. Осы орайда №84 жалпы білім беретін мектебінде «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты мазмұнды іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Оқушылар қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен терең тыныстап, оның даналық сөздерінен рухани нәр алды.Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи рухани мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың тамырына үңілді.