Заңды құрметтеу - қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың басты кепілі. Қылмыстардың алдын алу- ұсақ құқықбұзушылықтарды болдырмаудан басталады. №85 орта мектеп оқушыларымен кездескен тәртіп сақшылары жасөсіпірімдерге осыны ұғындыруға тырысты. “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында ұйымдастырылған шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.