Енді өңірде қоғамдық көліктердің үздіксіз қозғалысына еш кедергі жоқ. Себебі бүгін QazaqGaz ұлттық компаниясы пайдалануға берген жаңа газ құю кешені іске қосылды. Кешен аймақтағы тасымалдаушылардың 220-дан астам автобусына тоқтаусыз қызмет көрсете алады. Ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы бұл игі бастама мемлекет басшысының газ-мотор отынын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға елеулі үлес екенін атап өтті.