Өңірде орта және шағын кәсіпті дамытып, кеңейту аясында бизнес иелеріне арналған семинар өткізілді. Кәсіп иелеріне арнап арнайы сарапшылар бизнес процестерді құру, есеп жүргізу мен бизнесті франчайзингтік модельге дайындау туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан қашықтықтан басқару, кәсіпті кеңейту аясында филиалдар ашу, сапаны сақтау сияқты сауалдар қойылды.