Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінде тұрғындар үшін ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда өңірдегі 24 ірі өндірістік компания, кәсіпорын және мемлекеттік мекеме қатысып, 245 бос жұмыс орны ұсынылды. Шараға 300-ге жуық ауыл тұрғыны келген. Нәтижесінде 95 темірлік азамат жұмыс берушілермен сұхбаттасуға жолдама алыпты. Әсіресе, Кеңқияқ пен Саркөл ауылдық округтерінің тұрғындары белсенді қатысты. Сонымен қатар, шара аясында мемлекеттік қайтарымсыз грант иегерлері өз өнімдерін таныстырып, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мүмкіндіктерін көрсетті. Айта кетейік, жәрмеңке облыстық Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен өтті.