Оқу жылы аяқталып келеді. Балалар көптен күткен жазғы демалысқа аттанады. Ал жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру үшін облыста 7 сауықтыру орталығы, 702 мектеп жанындағы лагерь және 49 жазғы алаң жұмыс істейді. Өзге де маңызды мағлұматтарды білім басқармасының басшысы баяндады.